КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Қызметтер

Әлеуметтік – медициналық қызмет:

Қазіргі таңда медициналық орталықта бірнеше кабинет қызмет атқарады: психиатр кабинеті, бас медбике, стоматолог, терапевт, гинеколог, УЗИ, клиникалық зертхана, емдеу шараларын арналған кабинет, физиотерапия кабинеті, зарарсыздандыру бөлмесі, рентген кабинеті. Әрбір кабинет әлемдік стандартқа сай емдік-диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілген.

Медициналық орталықта бірінші дәрежелі және жоғары білімді, тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды: 2 психиатр дәрігер, стоматолог, терапевт, гинеколог, УЗИ дәрігері, клиникалық зертхана маманы, физиотерапевт, рентгенолог-дәрігер, хирург, травматолог, фтизатор, инфекцианист, эпидемиолог. Төрт медбике жоғары дәрежелі, он медбике бірінші дәрежелі, екі медбике екінші дәрежелі. Біздің мекемеде кез келген сырқатты қамқордағыларға медициналық көмек көрсетіледі.

Әлеуметтік-мәдени қызмет:

Ұйым мәдени және спорттық іс-шараларға ерекше назар аударады. Мәдени жұмыстар жан-жақты қамтылады. Белсенді еңбек ететін еңбек нұсқаушы, мәдениұйымдастырушы, спорттық жаттықтырушы. Мекемеде концерттік бағдарламалр өткізуге арналған актовый зал, спорттық ойындарға арналған тренажерлік зал бар. Шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Балаларға арналған ПМӘМ-ден келген қамқордағылар спорттық шараларға белсене қатысады.

Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қызметтер:

Медициналық-әлеуметтік мекемедегі мүгедектердің жеке шотына мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жіберіледі. Қамқордағылармен әңгіме кезінде экономикалық және құқықтық міндеттер таныстырып, құқықтары туралы айтылады. Қызмет алушыларға жеңілдіктерді, тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды алуға, тұрғылықты жағдайларын жақсарту мақсатында мекеменің білікті экономистері үлкен көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта 69 мемлекеттік қызмет алушы гигиеналық құрал – жабдықты қажет етеді. Сонымен қатар 13 қамқордағылар өздігімен қозғала алмайды. Сондықтан арнайы әлеуметтік көмек көрсететін әлеуметтік қызметтер жөніндегі мамандар стандартқа сай: қабылдау және босату, әрбір қамқордағыларға жеке жоспар және мониторинг жасалады, құжаттарды қабылдау және ауыстыру (жеке куәлік, төлқұжат, ИИН, ӘЖК және т.б.), күнсайын тексерістер және әңгімелер жүргізіледі, мүгедектік арбалар, таяқтар, ходуноктар және гигиеналық құралдар, ортопедиялық матрастар алуға құжаттар заңдастырылады; қамқордағылардың туыстарымен жұмыс жасау ақпараттар беру және кеңесулер жүргізіледі.

Әлеуметтік – психологиялық. :

Психологияның басты маңызы мінез – құлығына, өз іс-әрекетіне жауап бере алуы кезіндегі ауытқушылықтар мен психопотологиялық қыр-сырын анықтау болып табылады. Осы себептенде клиникалық психологияның нақты өз алдына қойған сұрағы мінез-құлықтағы маңызды белгілерін табу. Психология үшін жеке қасиетін анықтау және мінез-құлықтық қасиетін анықтау өте маңызды. Бұл маңыздылық өмірлік күйзелістер әсерінен соматикалық және психикалық ауруға шалдыққан, мінез-құлығында және жеке өзгерістеріне байланысты. Қамқордағылардың психологиялық ерекшеліктерін анықтауда психологтар медициналық қызметкерлермен ( психолог дәрігер, медбикелер, әлеуметтік қызметкерлер) бірігіп жұмыс жасайды. Психологтар әлеуметтік-психологиялық патронаж, айналасындағығылармен және мекеме қызметшілерімен қатынасқа бейімделулеріне әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді,тренингтер мен психологиялық ойындарды, гүл терапиясын, логотерапияны және сенсорлық бөлмеде басқа жаттығуларды өткізеді.

Әлеуметтік – енбектік қызмет:

Еңбектерапиясы – белсенді қалыптасудың тәсілі. Психологиялық тұрғыдан қарағанда еңбек терапиясы зейінін дамытады, дене белсенділігі сақталады. Еңбек қамқордағылардың уақытын алудың және олардың қозғалысын бақылаудың бірден-бір жолы. Еңбек процесстері әр бір еңбекке қабілеті бар мемлекет қамқорындағылардың мүмкіндігіне қарай таңдалады. МӘМ-де тігін тігуге арналған шеберханада (бисермен өрнектеу, тоқыма, асхана жабдықтарын тігу)белгіленген график бойынша жұмыс істейді, сонымен қатар ағаш станоктарында жұмыс істеуге арналған ағаш шеберханасы да бар (ағаш өңдеуге арналған токар станоктар, кесуге арналған станок, тескіш станоктар).

Агротерапия.

Психикалық аурулардың табиғатпен байланысы олардың ауытқушылығын азайтатындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген, сол себептенде МӘМ-де агротерапия жұмыстары кең ауқымда жүргізіледі. МӘМ аумағында мемлекет қамқорындағылар ерекше сүйіспеншілікпен жұмыс істейтін жылыжайлар, қыстық бау-бақша орналасқан.

Әлеуметтік – тұрмыстық қызмет. Күтім жасау және медициналық көмек көрсету үшін, қамқордағыларды жасына, жынысына және денсаулық жағдайына байланысты әр түрлі бөлмелерге орналастырады. Бөлмелер қажетті жабдықтармен және жиһаздармен жабдықталған. Бекітілген график бойынша жұмсақ мүліктерді ауыстыру және өңдеу жүргізіледі. Денсаулық жағдайына, жасына байланысты әлеуметтік тұрмыстық қажеттіліктерді атқара алмайтын қамқордағыларға санитарлар көмек көрсетеді. МӘМ –де жылыту жүйесі тоқтаусыз қызмет етуде. Жылу қазандығы – заманауи құралдармен жабдықталған, сұйық отынмен жұмыс жасайды. Кір жуатын орында қамқордағыларды таза киімдермен қамтамасыз етуге арналған үтіктеу құралы, кептіргіш және дезинфекциялауға арналған камералармен жабдықталған. Қамқорға алынғандардың уақытылы дұрыс тамақтануы үшін күніне 6 рет дәмді тағамдарымен қамтамасыз ететін 120 орындық асхана бар.

Жұмыс барысында біз қамқордағыларды орналастыруда аздаған мәселелерге тап болдық, себебі Астана қаласы әкімдігінің Балаларға арналған психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесінен мемлекет қамқорындағылардың келуі, олар жасымен және әр түрлі қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Олар қолайсыздық пен көңіл бөлудің жетіспеуі білінді. Оны болдырмау мақсатында, коттедждерде жөндеу жұмыстары жасалып, «Жастар үйі» ашылып, өз-өзіне қызмет көрсете алатын 18-25 жас аралығындағы қамқорға алынғандар орналастырылды, оларға кезекші тәрбиешілер қарайды. Қамқордағылар үшін «Жастар үйінде» тұрмыстық техника, кір жуатын машина, жиһаздармен және т.б. жабдықталды.