КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Біздін өміріміз

Біздің мекемеде спорт өте жақсы дамыған, сондықтан да спорттық іс-шараларға көп көңіл бөлінеді. Спортшыларымыз облыстық және Республикалық жарыстарға ғана қатысып қоймай, сонымен қатар «Спешиал Олимпикс Қазақстан» бағдарламасының шегінде шет елдерге де шығып тұрады. Осы арнайы параолимпидалық ойындарда біздің спортшылар жүлделі орындарға ие болып ,еліміздің көк байрағын желбіретіп келді. 2010 жыл баскетболдан Польшада

Қазақстан құрама командасы

Осы ойында спортшыларымыз төртінші командалық орынға ие болды.

Ойынға қатысқан спортшыларымыз:

  • Баранбаев Руслан
  • Боревич Аркадий
  • Некрасов Вячеслав
  • Островский Станислав
  • Сигарев Станислав
  • Филенко Валерий
  • Ямалетдинов Руслан

2011 жылы Грецияда футболдан өткізілген жарысқа қатысып үшінші командалық жүлделі орынға ие болды.

Ойынға қатысқан спортшыларымыз:

  • Баранбаев Руслан
  • Зарипов Рустам
  • Сигарев Станислав
  • Шашкова Кристина

Мекеме басшысы Акжігіт Ақпайұлы спортшылар бірге Греция көшелерін аралауда.

Голландия

2012 жылы конькимен жүгіру жарысынан қамқордағыларымыз қоржынымызға жеті алтын , бес күміс, бір қола медальды салып үлкен олжамен оралды. Бұл жарыста алтын медальды қос –қостап алған спортшыларымызда бар.

  • Cигарев Станислав 2 алтын
  • Филенко Валерий 2 алтын, 1 күміс
  • Зарипов Рустам 1 алтын, 1 күміс
  • Шишкин Андрей 1 алтын, 1 қола
  • Олейник Татьяна 1 алтын, 1 күміс
  • Шашкова Кристина 2 күміс

Барлығы жеті алтын, бес күміс, бір қола медаль әкелді. Спортшыларымыз Голландия елінен және ойыннан жақсы әсер алып келді.

Онтүстік Кореяда 2013 жылы таушаңғысынан өткен жарыста үлкен жетістікке жеткен жеңімпаздарымыз бұл жолы да елімізді жерге қаратпады: 5 алтын, 2 күміс.

  • Сигарев Станислав- 1 алтын
  • Зарипов Рустам - 2 алтын
  • Сыздыкова Сауле - 2 алтын
  • Левкачева Альфия- 2 күміс

Люксембург 2013 жыл

Мекемеде спорт кеңінен тарағандығынан біздің спортшыларымыз барлық спорт түрлерін игере біледі . Ол әрине бірінші жаттықтырушының зор еңбегі , мекеме басшысының бар жғдайды жасағандығынан, спортшыларымыз үлкен жеңіспен оралғандары сол еңбекті ақтағаны деп білеміз. Олар тек қана шаңғы тебу және конькимен жүгіру спортын ғана меңгеріп қоймай, сонымен қоса үлкен теннистен, бадминтоннан алдына жан салдырмайтыны бізді қуантады.

Міне үлкен теннистен жеңіспен оралған спортшыларымыз:

  • Сигарев Станислав- 1 алтын
  • Рогова Антонина - 1 алтын
  • Баранбаев Руслан - 1 күміс
  • Макеева Елена - 1 қола

Ойын қызықты өтуде

Люксембург жерінде желбіреген біздің көк байрағымыз

Бельгия

2014 жыл бадминтон ойынынан жарыста жеткен жетістіктеріміз Осы спорт түрінен олжамен оралған жеңімпаздарымыз:

  • Макеева Елена - 1 алтын
  • Сигарев Станислав - 1 алтын
  • Рогова Антонина- 1 алтын
  • Баранбаев Руслан- 1 күміс

Ойыннан тыс кездегі қаладағы серуен

Біздің қызмет алушыларға мүгедек екендігін сездіртпей ел қатарынан қалдырмай шет елдерге шығарып ел, жер көрсеткен, өмірге деген көз қарастарын өзгертіп, өмір сүруге деген құштарлықтарын ояту үшін бар жағдайды жасап отырған мекеме директоры Мермұқанов Ақжігіт Ақпайұлының еңбегі ерен екені анық.