КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылғы 7 маусымында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-сі Ақкөл қаласы Мәдениет үйінде көшпелі концерт ұйымдастырды.

Концерт Ақкөл аудандық Мәдениет үйінде өтті. Іс-шараға Орталықтың қызмет алушылары  қатысты.  Мәдениет үйінің ұжымдары оларды қуана қарсы алды. Концерт үздік нөмірлерден өтті, қатысушылар түрлі-түсті киімдерде болды, олар жақсы көңіл-күймен сахнаға шықты. Тамаша концерт барлық көрермендерге оң эмоция және жарқын әсер сыйлағаны үшін   Мәдениет үйінің директоры алғысын білдіріп, қатысушыларға денсаулық, жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй, ашық аспан тіледі.