КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 1 маусымында «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ «Балаларды қорғау күні» мерекесі өтті.

Іс-шара спорт алаңында өтті. Іс-шараға жетпістен аса қызмет алушылар қатысты. Іс-шара бастауы «Курочка ряба» ертегісінің үзінділерімен басталып,  қамқорлыққа алынғандар актерлік шеберліктерін көрсетіп, «Алақайға» ойнап берді.

         Эстафета мерекенің келесі кезеңімен жалғасты. Екі командадан құрылған топ 5 адамнан тұрып, үш кезеңнен өтті(үйрек қадамдарымен жүру, қаппен секіру және паравоз эстафетасы). Соңынан жаңа топтар  жиналып, ойын үш рет қайталанып ойналды. Басында аралас топтар, кейін жігіттер тобы және қыздар тобы болып бөлініп ойнады.

         «Сабынды көпіршіктер» шоуы барлығына жаппай ұнады. Шеңбер құрастырғын қатысушыларымыз сабынды көпіршіктерді үрлеп, көптеген шарларды аспанға ұшырды. Барлық қатысушылар мұндай көрініске әбден тәнті болды. Іс-шара жоспары бойынша клоундар мен клоунесстерден «Флеш моб» би фитнес-бағдарламасы  өтті.  Қамқор алушылардың алдын – ала түрлі кейіпкерлерге боянып алуы (ақжелек, пират,  марғау, беттегі жүректер мен жұлдыздар) осы іс-шараға сай келді. Себебі, мерекенің мақсаты «Балалық шаққа саяхат және балалаық шақты еске түсіру» болатын.

         Іс-шара соңында қамқор алушыларға түрлі тәттілер (балмұздақ, шырын, поп-корн, чупа-чупс) берілді. Қамқорлық алушылар балалық шақтарын еске алуға мүмкіндік туғандарына өте риза болды.