КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары арасында мини-футбол бойынша жарыс өтті.

2017 жылдың 28 мамыр  күні Ақкөл қаласында мини-футбол бойынша ұйымдастырылған спорттық іс-шара өтті, оған Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қамқорға алынғандары қатысты.

Ойынға «Барыс» және «Аргентина» атты екі топ қатысты. Әр топ он адамнан құрады. Ойын екі таймнан құралды, әр тайм жиырма минуттан болды. Осы ұзақ ойында "Барыс" тобы  7:0 есебімен жеңді, Аргентина тобы өз рухтарын түсірмей матч –реванш сұрады. Әр топты қолдайтын өздерінің жанкүйерлері болды (барлығы 13 адам). Ойын соңында Орталықтың директоры Н.Н. Зулкарнаев жеңімпаздарға кубок пен бірінші орынға ие болған үшін грамота табыстады. Жеңілген топқа екінші орын үшін грамота берілді. Сонымен қатар балаларға тәтті тағамдар берілді (сусындар, чипсы, шоколад). Барлығы риза болды, бәріміз бір дауыспен  ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, "Үлкен рахмет!!!"деді.