КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылғы 16-мамырда Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де "Встреча в майский день" атты концерттік бағдарлама өтті.

Қатысушылар Астана қаласының "ДОС-Арт" мәдени-ойын-сауық клубы,   мүгедектер Орталығының  "ДОС" Тәуелсіз өмір орталығы" Қоғамдық Бірлестігі  базасының қонақтары. Филиалдың директоры Ерділдинова Дина Исламовна және көркемдік жетекшісі Адильбекова Жанар Қомышқызы.

Концерт 15 нөмірден тұрды. Қызметкерлер мен қызмет алушылар өте қатты қуанды, себебі, концертке қатысушылар арбамен және балдақпен өздерінің би және вокалдық қабілеттерін көрсетті. Кеш тамаша өтті.

Концертке қатысушылар:

АлиеваСевда - фортепианода ойнады

Шарипова Шолпан - бағдарламаны жүргізіп, бірнеше ән айтып, қазақ және орыс тілдерінде тамаша өлеңдер оқыды.

Абуов Құрбанали және Айдарханова Сауле - бізге өзінің арбамен билерін көрсетті.

Айтқазина Диляра, Әділбекова Жанар және Салов Ғабит бізге өз әндерін орындады.

Тұрашев Омар - өзінің керемет биімен таңғалдырды.

Бұл адамдар өздерінің нөмірлерімен өмірден түңілмеуге, әлсіздік танытпау керек екендігін тағы бір рет ескертті. Мүгедектер қоғамы осындай қуатты зарядпен және оң энергиямен бөлісті.

Финалдық әннен және акапелдық орындаулардан кейін, біздің Орталықтың атынан әлеуметтік жұмыстар бойынша директордың орынбасары Жумадельдинова А.М. алғыс білдіріп, алғыс түрінде сыйлыққа біздің мемлекеттік қамқорға алынғандардың өз қолдарымен жасалған картинасымен DVD плеерді сыйлап, сондай-ақ алғыс хатпен марапаттады. Келген қонақтар өздерімен бірге тәтті-дәмді тағамдар түрлерін біздің қамқорға алынғандарға сыйлап қуантты және өздерінің жаңа бағдарламаларымен қайта келуге уәде етті.