КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылғы 5 мамырда "Отан қорғаушылар күні" қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-сі Ақкөл қаласында көшпелі концерт ұйымдастырды.

№3 Ақкөл Орта мектебінде концерт өтті. Іс-шараға Орталықтың қызмет алушылары  қатысты.  Мұғалімдер мен оқушылар балаларды қуана қарсы алды. Концерт үздік нөмірлерден өтті, қатысушылар түрлі-түсті киімдерде болды, олар жақсы көңіл-күймен сахнаға шықты. Іс-шара соңында мектеп оқу ісінің меңгерушісі бүкіл №3 АОМ ұжымының атынан қатысқандарға естелікке өз қолдарымен матадан жасалған суретті және де бастауыш сынып оқушылары өздері жасаған гүлдерді сыйлыққа  табыстады. Гүлнар Ақылбекқызы концертке қатысқандарға өз ризашылығын білдіріп, қатысушыларға денсаулық, жақсылық, көтеріңкі көңіл-күй, ашық аспан тіледі.