КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылғы 21 сәуiрде Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де қызмет алушылар арасындағыкөңiлдiтапқырлар клубы атты әзіл-сықақ ойыны.

           Іс-шарада бұрынғы балалар психоневрологиялық мекемесінің тәрбиеленушiлері қатысты.

Қызмет алушылардың арасындакөңiлдi тапқырлар клубы  бірінші рет өткендіктен, ойын бір топтан құралды, топтың аты "Бiздiң ауламыздың балалары" болып аталды. Ойынның тақырыбы ашық түрде болды, балалар әртүрлі  тақырыпқа әзілдесті. Жарнамалық үзiлiстер, көрiнiстер және қысқаша әзілдер осының барлығы керемет түрде өтті.

Сәлемдеме би түрінде басталды, кейіннен қысқа әзілдер кетті. Үй тапсырмасында үш көрiнiс көрсетілді, олар балабақшадағы қиын балалар, таксидағы болған жағдай және ерлер жиыны туралы. Әзілдер мен күлдіргілер жарнамалық үзiлiсте ойналып өтті.

Залда отырған барлық көрермендер жақсы эмоция алып, қол соғып әрі қарай күлдiргi әзірлерді күттi. Осы ойынға қатысқан балалар қуанышты көңілмен сахнаға шығып жақсы ойнауға тырысты. Қамқорға алынғандар «Любэ» тобының «Ребята с нашего двора» атты әнімен көңілді тапқырлар клубын  аяқтады.