КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылғы 7-сәуiрде Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары американдық General electric компаниясының волонтерлерiмен кездесті.

General electric компаниясының волонтерлары бiздiң қамқордағылардың өміріне белсендi қатысады, олардың жағдайларын біліп тұруға әрқашан Орталықтың психологтары Балжан Байдаленова және Елена Кругольмен хабарласып тұрады.


7-сәуір күні волонтерлар Васильченко Наталья, Нуредилова Эльмира, Жуманов Бауржан, Байболова Меруерт Астана қаласында сапар ұйымдастырды, қамқордағылар Есiл өзені жағалауында серуендеп, уақыттарын жақсы өткізді. Балалар көктемнің шуақты күнінде қуанышпен жәнежақсы көңілмен Астанада қыдырып, қаланың назар аударарлық орындарымен танысып және естелiкке суретке түсіп, соңғы кездесуден кейін өмiрлеріндегіболған қызықты жағдайларды айтып берді.


Барлығы көңiлдi компания болып «Rumi» дәмханасына барып, дәмдi палаудан ауыз тиіп, ыстық шай мен тәттілерден дәм татты. Біздің Орталықтың атынан Балжан Төлегенқызы волонтерлерге алғыс хаттарын ұсынып «Сіздердей жақсы адамдар болғанда біздің өміріміз керемет және мейірімді болады» - деп пікірін білдірді. Қамқордағылар алғыс ретінде өз қолдарымен жасалған сыйлықтарын тарту етті.