КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

24 наурыз 2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ –де «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында Ақкөл қаласы №3 орта мектебінің оқушылардың қатысуымен  мерекелік іс-шара өткізілді.

Біздің көрермендерімізге әндер, билер және де домбырамен күй шертіп, өз өнерлерін көрсетті. Қызмет алушыларымыз қонақтарымызға қуанып, дарынды оқушылардың жанды дауыспен айтқан әсерлі нөмірлеріне қызықпен қарады.

Мерекелік іс-шарадан кейін Орталық әкімшілігіміз алғыс ретінде мектеп ұжымына біздің қызмет алушыларымыз жасаған картинаны ұсынды, сонымен қатар қатысушыларымызға кішігірім отырыс жасалынды.