КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Қош келдің, Наурыз!»

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де жыл сайын көктемнің тамаша мерекесі өтеді, 17-наурыз күні «Наурыз мейрамы» атты театрландырылған қойылым өтті. Сахнада қазақ халқының «Шашу», «Той бастар», «Бесікке салу», «Наурыз бата» әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетілді. Сонымен қатар вокалдық және би нөмірлері орындалды. Осы мерекеге Орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылар белсене қатысты. Сахна ұлттық киізүй жабдықтарымен безендірілді. Мереке барысында «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» директоры Зұлқарнаев Нұрбол Нұрбайұлы құттықтап өз тілегін білдірді.

Қазақ халқында "7" саны қасиетті болып табылады. Наурыз мерекесінде әркім жеті үйге кіріп және жеті қонақты шақыруы керек. Мерекенің басты тағамы «Наурыз-көжеде» жеті түрлі тағамнан әзірленеді.

Мемлекеттік қамқорындағыларға мерекелік концерттен кейін далада үлкен бай дастархан жасалынды. Барлығы «Наурыз-көженің» дәмін татып, ыстық бауырсақпен хош иісті шайдан ауыз тиді.

«Наурыз мейрамы» ұлтқа және діни наным-сеніміне қарамастан, ол барлық қазақстандықтарға жалпы халықтық, қымбат мереке болып саналады.