КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

3 наурыз 2017 жылыХалықаралық әйелдер күніне арналған Қазақстан эстрадалық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілді

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай біздің Орталықта  әйелдер қауымына сыйлық ретінде мерекелік концерт өткізілді. Осы концертке әйгілі композитор, әртіс, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұрлан Әлімжанов, әнші Бауыржан Исаев, домбырашы Бауыржан Оралбаев келіп әндерін шырқады.  Әншілеріміз әдемі әндерін шырқап, құттықтау сөздерін айтып және де барлығына мықты денсаулық, махаббат, бақыт және амандық тіледі!

         Әртістер біздің көрермендерімізге естен кетпейтіндей нағыз мерекелік көңіл – күй сыйлады!