КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ біздің қызмет алушымыз өз отбасымен қауышты.

2017 жылғы 2 наурызда біздің мекемедегі қамқорға алынған Гракович Алексейдің өмірінде қуанышты оқиға орын алды, оның анасы оған қорғаншылық рәсімдеп отбасына алып кетті.

Гракович Алексей Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» КММ-де 2006 жылдан 19 жасынан бастап болды. Осы жылдар бойы анасы Гракович Людмила Алексеевна жүйелі түрде келіп, оның өмірі мен денсаулығын қадағалап тұрды. Бұрын ол ата-ана құқығынан айырылып, бірақ кейіннен жұмысқа орналасып, өз қателіктерін түсініп, өмірін өзгертті, ол жалғыз баласының аналық махаббат пен қамқорлыққа мұқтаж екенін түсінді.

Алексейдің ауруының диагнозы - жеңіл дәрежедегі ақыл-ой кемістігі. Алексей сабырлы және мейірімді мінезді. Біздің мекеменің қабырғасында тұрып, ол жанындағылардың қамқорына бөленіп, ай сайын қажетті медициналық қызметтер алып тұрды, сонымен қатар ол пайдалы дағдылар үйреніп, болашақта оған міндетті түрде қажет болады.

          Людмила Алексеевна мекеме қызметкерлеріне өзінің алғысын, ізгі тілектерін айтып, одан әрі кәсіби табыс, игілікті еңбек тіледі. Біз Алексей үшін шын жүректен қуаныштымыз, оған денсаулық және жаңа өмірде табыс тілейміз.