КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

27 ақпан 2017 жылы «Нұр Отан» партиясысының делегациясы партия билетін тапсыру мақсатында біздің Орталығымызға келді.

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні, сол себептен ХДП «Нұр Отан» аудан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Досанұлы Умербаев біздің қызметкерлерімізге партия билетін тапсырды. Ол партияға жаңадан мүшеге кіргендерді құттықтап, партияға қолдау көрсеткендеріне алғыс білдіріп, конституцияның өзгерістері туралы айтып, президент жолдауы туралы талқылады.

    Сонымен қатар, Ақкөл ауданы мәжілісінің хатшысы – Салыбекова Жұлдызай Таубайқызы және Ақкөл ауданы мәжілісінің депутаты – Симчук Валерий Николаевич сөз сөйледі.

    Біздің мекемеміздің қызметкерлері өз елінің патриоты және де сенімді партияның мүшелері.