КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017-жылдың 10-ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызмет алушылары «Маша и Медведь» ертегісін көрсетті

Ертегі терапиясы- ол көпшілік алдында өнер көрсету шеберлігін машықтау,топта жұмыс жасау,есте сақтау қабілетін дамыту жәнее жауапты болуға ықпал жасайды. Қамқордағылар ертегілерді осыған дейін де көрсеткен болатын. Әрине, көрсетілімге дейін сан рет дайындықтар өткізіледі. Міне осы дайындықтардың өзі уақытты көңілді өткізуге, қатарластарымен жақынырақ сөйлесуге ықпалын тигізеді.  Сонымен қатар  қатысушылар ортақ іс жасау және осы іске жауапкершілікті сезіну сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

Осындай іс-шараларға қатысқан соң қамқордағылардың ашылғаны, бір-біріне жақындай түскені байқалады. Көрсетілім кезінде көрермендердің көтеріңкі көңіл –күйінен алған әсер қатысушыларға көп уақыт бойы күш-қуат беретінін аңғардық. Уақытының  көп бөлігі  мекемеде өтетін жандар үшін бұл іс-шара  кішкентай болсада көңілдеріне демеу екендігі қуантады.