КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

3 ақпан 2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де кызмет алушылар арасында шахмат пен дойбы сайысы өткізілді.


         Дене шынықтыру мұғалімі Дегил К. Ережелерге сәйкес, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлар арасынан төрешілерді таңдады. Сонымен қатар, мемекеменің басшысы мен оның әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары қатысты.

         Ойынға 18 қатысушылар ойнады. Осы бір сағаттың ішінде ойын қызықты және де тез өтті. Ойынның соңында төрешілермен бірге нәтижесін шығарды: шахмат сайысының арасында: 1 орын – Хамзин Арсен,  Зотов Владимир; 2 орын – Жуманов Серик, даниленко Сергей; 3 орын – Носыров Федор, Мутиев Аскар. Ал дойбы сайысының арасында: 1 орын – Сигарев Станислав, Жаксыбаев Газиз; 2 орын – Кузнецов Василий, Алишев Жанат; 3 орын – Баранбаев Руслан, Таксанов Куандык.

         Жеңімпаздарымыз мадақтамалармен және де естелікке арналған сыйлықтармен марапатталды.