КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

13 қаңтар 2017 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор»әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де «Қыстың кезі көңілді» атты ойын жүргізілді

Қарларды лақтырып ойнау, сырғанақтан сырғанап жүру,лобиринттан жүру сияқты ойындар біздің қорғаушыларымызбен бірге ойнатылды. Кызмет алушыларымыз далада рақаттанып асыр салды. Сығанақ тепті, жүгірді, ойнады, шаттанды, өздерінің қолдарымен жасаған сығанақтың қасында суретке түсіп, мәз болды. Біздің қорғаушыларымыз далаға шығып, таза ауаға жүріп ойнағандарына рақаттанды. Өздеріне күш – қуат алып, көңіл – күйлері көтеріліп және де қысқы ойындар ойнағандарына қатты қуанды.