КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» Жаңа жыл тойланды.

29-желтоқсан күні «Қамқор» ӘҚКО» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жаңа жылды қарсы алу іс-шарасы өтті. Әдеттегідей мереке орталық басшысы Нурбол Нурбайұлы Зулкарнаевтің құттықтау  сөздерімен ашылды. Бұл кештің ең қызығы Қазақстан эстрадасының әншілері: Бауыржан Исаев, Абай Тулегенов, Асылханулы Асхаттардың келуі болды. Олар қызметшілер мен қамқордағылардың көңілдерін көтерді.

        Концерттен кейін  қызмет алушыларға арналып жаңа жылдық шырша өткізілді. Бұл шара 12 ай атты орыс ертегісінің желісімен өткізілді. Сонымен қатар  түрлі атақты әртістердің пародиясын көрсетті. Аяз ата мен ақшақар барлығын жаңа жылмен  құттықтап,тәтті сыйлықтар таратты.