КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары «12 ай» орыс халық ертегісін көрсетті.

23- желтоқсан күні «Қамқор» әлеуметтік қызмет  орталығында» «12 ай»  орыс халық ертегісінің желісінде театрланған көрініс ұйымдастырылды.

           Бұл ертегінің таңдалып алынуы жай емес. Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында барлық адамзат керемет бір ғажайыпты күтетіні анық. Осы ертегі жаңа жылдық таңғажайып оқиғалар мен  түрлі кейіпкерлерге толы. Жамандық пен жақсылық, достық пен көреалмаушылық, адалдық пен сатқындық осы көріністе айқын көрсетілген.

         Ертегі кейіпкері бола отырып біздің қызмет алушылар жамандық пен жақсылықты ажырата білуді, бір-бірін қолдап, қол ұшын беруді, батыл әрі адал болуды үйренеді. Өзіне берілген кейіпкерді сомдай отырып,  жауапкершілік пен шыдамдылықты бойына сіңіреді. Қойылым тек қатысушыларға ғана емес сонымен қатар көрермендерге де көлдей көтеріңкі көңіл сыйлады.