КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

8- желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» 25-жылдыққа арналған мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік концертті Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек  және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының орынбасары Сауле Ордабаевна  Нургожина және мекеме басшысы Нурбол Нурбаевич Зулкарнаевтің  құттытау сөздерімен және алғыс хаттар табыстаумен ашылды.

        Арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертке Қазақстан эстрадасының әншілері шақырылды. Бауыржан Исаев және Аскар Жайлаубаев  өз әндерімен мерекеге ерекше  көрік берді. Сонымен қатар  мекеме қызметкерлері және қызмет алушылар  патриоттық әндер орындап, өлеңдер оқып көрермендердің жүректерінде отансүйгіштік, мақтаныш сезімдерін оятты.

        Тәуелсіз елдің ұрпақтары- біздер үшін бұл мерекенің алар орны ерекше. Егемендігімізді сақтау және нығайту келер ұрпақтың басты парызы екенін естен шығармаймыз.