КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Ресей жазғы спорт түрлерінен Арнаулы Олимпиадалық ойындар Спартакиадасына қатысты.

2016- жылдың қарашаның 20- 25 аралығында Нева өзенінің бойында орналасқан сұлу қала Санкт-Петербургте  жазғы спорт түрінен Арнаулы Олимпиадалық Ойындар Спартакиадасы өтті. Келесі спорт түрлерінен: жүзу, бадминтон, пауэрлифтинг, дартс, үстел теннисі, боулинг және дойбы. Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен  500 спортшы жарысқа түсті.  Бұл сайыста Қазақстан намысын біздің мекеме қызмет алушылары қорғады. Олар: Баранбаев Руслан, Боревич Аркадий, Сыздыкова Сауле және Рогова Антонина. Қазақ спортшылары пауэрлифтинг бойынша бәйгеге түсті.

         Спартакиада екі кезеңде өткізілді: бірінші кезеңде қыздар сынға түсті. 16 нәзік жанды өзара сайысып, бар өнерлерін көрсетті. Ал екінші кезеңде  жігіттер бақ сынасты. Жарыс қиын да қызықты өтіп жатты.  Нәтижесінде біздің спортшылар 12 медаль, оның ішінде: 4 күміс,8-қола.

         Жарысқа қатысушыларға арналып керемет Гала-концерт көрсетілді.Бұл концертте мүгедек жандар өнер көрсетті. Сонымен қатар қонақтарға арналып қала бойынша саяхат ұйымдастырылды. Саяхат кезінде қала тарихы мен айтулы орындары жайлы біраз ақпарат берілді.

        30- қараша күні  жеңімпаздарды «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» марапаттау рәсімі өтті. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары А. Жумадельдинова спортшыларды құттықтап табыс тіледі.