КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

2016- жылы 30-қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының әртістерінің  қатысуымен  концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды. Бұл мерекелік іс-шара Тұңғыш президент күніне орай өткізілді.

       Концертте дәстүрлі ән, опера, эстрадалық әндер, түрлі билер назарға ұсынылды. Кәсіби деңгейде орындалған шығармалар ерекше қошеметке ие болды. Зал қамқордағылар мен қызметкерлерге  лық толы болды. Көрермендердің көтеріңкі көңілін аңғарған әртістер бұл шараны дәстүрге айналдыратынын атап өтті.

       Бір сәтке болсада олар өнер әлеміне саяхатқа барғандай болды. Айта кету керек филармония әкімшілігі біздің өтінішімізді жерге тастамай, келіп қамқордағыларымыздың көңілін көтергені үшін мың алғыс.