КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде туған күн иелеріне арналған мерекелік іс-шара өтті.

         2016-жылдың 25-қараша күні біздің орталықта   қараша  айында туған қызмет алушылардың туған күндері аталып өтті. Іс-шара орталық басшысы Нурбол Нурбаевич Зулкарнаевтың құттықтау сөздерімен ашылды. Сонымен қатар 2016-жылы өзін жақсы жағынан көрсеткен, белсенді мемлекет қамқорындағылар алғыс  айтылып, сыйлықтар табысталды.

        Әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары  Аида Муратовна Жумадельдинова  туған  күн иелерін құттықтап, оларға зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас шыдамдылық және көтеріңкі көңіл күй тіледі.

       Туған күн иелеріне арналып концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Әдеттегідей қамқордағылар  жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермендердің көңілін шатыққа бөледі.