КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

18-қараша Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қуыршақ театры «По щучьему веленью» атты орыс ертегісін сахналады.

Осымен үшінші рет біздің қызмет алушылар ертегі қойылымын көрсетуде. Шытырман, қызықты әрі күлкілі оқиғалар еріксіз көрермендер көңілін аулайды. Осы жерде айта кеткен жөн болар, қуыршақ театрына керекті қуыршақтарды Астана қаласының еріктілері көмек ретінде сыйлаған болатын.

        Бұл үйірмеге қатысатын қызмет алушылардың психикалық жағдайы қалыпты, көңіл-күйі  көтеріңкі және айналасындағылармен  тату болатыны байқалады. Мемлекет қамқорындағылар әр кейіпкер рөліне тыңғылықты дайындалып, сөздердің  әрқайсының мәніне ерекше көңіл бөле отырып, қойылымды көрсетіп шықты. Қуыршақ театры мекеме психологтарының қадағалауымен жұмыс жасайтын болғандықтан, әр қызмет алушының өзіне  сай  кейіпкер таңдалады.

        Қойылымдардың арқасында қамқордағылар ақкөңіл ,кішіпейіл болуды үйренді.Тек ертегілерде ғана емес өмірде де жамандықты жақсылық жеңетінін түсінді.