КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне еріктілер (волонтерлар) келді

Еріктілер бұл қайтарымсыз және белгілі бір жұмысты, мамандықты игеру үшін өзі үшін жақсылық жасайтын, қызмет көрсететін жеке тұлғалар болып табылады.

        4-қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-не еріктілер келді. Олар Астана қаласы, General Electric компаниясынан- Васильченко Натали, Нуриденова Эльмира, Жуманов Бауыржан, Шигаев  Данияр және Ищанова Альфия.

       General Electric компаниясының қызметкерлері қызмет алушыларды  бағалы сыйлықтармен қуантты. 

      Қызмет алушылар  еріктілерді қуана қарсы алып, тұрмыс-тіршіліктерімен  таныстырды.  Дәстүрге сәйкес қамқордағылар шағын концерттік бағдарлама көрсетіп, қонақтардың көңілін көтеріп тастады.