КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Бәріміз бірдейміз – кемісітуді білмейміз» атты қалалық байқау

17 – 19 қазан аралығында Астана қаласы «Шабыт» ұлттық университетінде «Бәріміз бірдейміз – кемісітуді білмейміз» атты байқау өтті. Осы байқау 3 күнге созылды. Бірінші күні байқау 5 номинациядан құралды:  «Үздік мамандық», «Үздік отбасы», «Үздік спортсмен», «Үздік студент», «Үздік жасампаз». Екінші күні байқау «Үздік би» және «Үздік ән» деген номинациядан құралды, ал үшінші күні мадақтау мен гала концертпен аяқталды.

         Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» қызмет алушылары байқауға 3 номинация бойынша қатысты:

         «Үздік жасампазға» қатысқандар: Сыздыкова Сауле, Рогова Антонина, Фурадеева Полина.

«Үздік биге» қатысқандар: «Гүлдер» тобы (Палкина Надежда, Левкачева Альфия, Исабаева Айгерим, Жекебаева Асель),  «Жастар» тобы «Рок энд ролл» биімен (Ямалетдинов Руслан, Мутиев Аскар, Зарипов Рустам, Левкачёва Альфия, Жекебаева Асель, Исабаева Айгерим), «Ча-ча-ча» биімен Зарипов Рустам и Жекибаева Асель.


«Үздік әнге» Боревич Оксана «Корабли» әнімен және де Неизвестная Екатерина «Зимний сон» әнімен қатысты.

        Сыздыкова Сауле «Үздік жасампаз» номинациясында 2 орынға ие болды. «Үздік би» номинациясында «Жастар» тобы 2 орынға ие болса, ал «Гүлдер» тобы 3 орынға ие болды.

       Байқау өте көңілді өтті. Біздің қызмет алушыларымыз өте көтеріңкі көңіл күйде болып, осындай байқауға қатысқандарына қуанышты болды. Байқау алдында қатты қобалжығанды, бірақ та олар өз күштерін салды. Ал жүлде орынын алмағандар өкінбей өздерінің қателіктерін алдыңғы байқауларда түзетуге тырысады.