КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

12- қазанда Астана қаласында «Мүгедектер күніне» арналып Special Olympics Казақстан халықаралық ұйымы, Астана қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен үстел теннисінен жарыс өткізілді.

Бұл жарыста Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі», Астана қаласының мүмкіндіктері шектеулі жандар және коррекциялық мектептердің спортшылары бақ сынасты.

          Біздің команданың атынан 17 спортшы жарысқа қатысып, жақсы көрсеткіш көрсетті. Олар: 5 алтын, 5 күміс, 6 қола медаль жеңіп алды. Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

          Сайыс соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен  Special Olympics ұйымының таңбасы бар футболкалар табысталды. Ұйымдастырушылар спортшыларға мықты денсаулық, спортта жетістіктер және қажымас қайрат тіледі.

         Осы іс-шара тағы да бір рет  мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін спорт алданыш, ермек және  алға қойған мақсатқа жетудің