КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Мүгедек жандар күніне арналған мерекелік іс-шара

          Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мүгедек жандар күніне арналып ауқымды мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл мерекені ауқымды деп атауымыздың себебі: қазақ эстрадасының танымал әншілері- Бауыржан Исаев; Бәйтерек тобының әншісі- Ерлан Малаев; Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының  Астана қаласындағы аналар кеңесінің мүшелері; қызмет алушыладың туыстары; Астана қаласының жас әншілері және тағыда басқа қонақтардың қатысуы.

        Мекеме басшысы Нурбол Нурбайұлы Зулкарнаев қызмет алушыларды мерекелерімен құттықтап салтанатты шараны  ашып берді.   Қызмет алушылардың қатысуымен дайындалған концерттік бағдарлама бұрынғыдан өзгешелеу, көңілді нотада жалғасын тауып жатты. Шырқата орындалған ән, тал- шыбықтай майыса билеген би, шын жүректен оқылған өлеңдер көрермендерді бей-жай қалдырған жоқ. Кейбіреулерінің көздеріне еріксіз жас келіп жатты.

       Арнайы Ассамблеядан келген әжелер мен аналарымыз мекеме басшысына алғысын білдіріп, ұжымға табыс тілеп  жатты. Нағыз қазақ- қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра демекші аналарымыз домбырамен арнау арнап, лебіздерін жеткізді. Содан кейін көрермендерді көп күттірмей сахнаға әншілер шықты. Сүйікті әншілерін көріп, даусын естіген көрермендердің қуанышында шек болмады. Қызмет алушылар лирикалық әндерді ұйып тыңдаса, көңілді әндерде ортаға шығып билеп, мәз болып жатты. Концерт соңында Бауыржан Исаев ағамызға тағы әндер орындауын сұрап, қолқа салды. Келген атақты әншілер қамқордағыларға денсаулық, сабыр тілеп осы шараны дәстүрге айналдыруға уәде берді.

        Іс- шара мекеме ғимараттары мен аумағын аралаумен аяқталды. Бір сәтке болсын жарым жандардың көңілін көтеріп, жүректеріне үміт отын ұялатқан қонақтарға алғысымыз шексіз.