КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана қаласы әкімдігінің «ПМӘМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қарттар күніне» арналып мерекелік іс-шара өтті.

           Күздің соңғы күнінде  біздің мекеме қабырғасында «Қарттар күніне» арналып мерекелік іс- шара өтті.  Мереке шымылдығы мекеме басшысы Нурбол Нурбаевич Зулкарнаевтің құттықтау сөздерімен ашылды. Арнайы шақырылған бұрын осы ұжымда еңбек еткен, қазір зейнеттегі  жандарға мол бақыт, темірдей қатты денсаулық және жанұяларына береке тіледі. Оларды ортаға шақырып құрметтеп, сый-сиапат көрсетілді.

         Сонымен қатар қыркүйек айында туған қызмет алушылардың туған күндері аталып өтілді. Оларды әлеуметтік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аида Муратовна Жумадельдинова құттықтап, сыйлықтар табыстады.

        Мекеме қызметкерлері және қызмет алушылардың  қатысуымен ұйымдастырылған концерт мереке көркін қыздыра түсті. Келген қонақтарға, көрермендерге концерттің ұнағанын аямай соғылған шапалақ пен зор қошеметтен байқалып тұрды.