КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

23-қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Күз ханшайымы және оның үш ұлы» атты театрланған комедиялық көрініс өтті.

          Бұл көріністе қызмет алушылар қатысты. Күз мезгіліне арналған мерекелік іс-шараға мемлекеттік қамқордағылар мұқият дайындалды. Музыкалық жетекшінің бастамасымен жастар әдемі костюмдер дайындап, залды өз қиялдарымен безендірген.

         Шағын көріністе әркім өз өнерін көрсетті: би, ән, гимнастикалық жаттығулар, өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдары. Алдын- ала жасалған сценарий  бойынша әр қатысушы өз кейіпкерін шебер сомдап шықты.

        Көріністі француз биі қортындылады. Зал көтеріңкі көңіл күйде  болды. Алтын күзді біздің қызмет алушылар жақсы көңіл- күймен қарсы алды.