КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Отбасы күніне арналып Астана қаласы әкімдігінің «ПМӘМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Көңілді бастамалар» атты спорттық іс-шара өтті.

Отан отбасынан басталады демекші отбасынан бастау алатын адам тағдыры тікелей жанұяда көрген тәрбиеге байланысты екенін білеміз. Әркімге ыстық әрі жақын ол отбасы. Біздің мекемеге тағдыр талқағымен түскен кейбір жандардың мүлде жақындары жоқ. Біздің мекеме осында тұрып жатқан жандар үшін үлкен отбасы болып табылады. Отбасы мүшелері яғни, қызмет алушылар өздерін жалғыз сезінбесін деген мақсатпен отбасы күнінің қарсаңында спорттық көңіл көтерер іс-шара өтті.  Бұл шараға Даун ауруына шалдыққан қамқордағылар қатысты. Өзгелерден ерекше жандар мекемеде өтетін шаралар тыс қалып жататыны бар. Сол себепті осы жарысқа тек  осындай жандар қатыстырылды. Бәсекеде екі команда бақ сынасты: «Ловкачи» және «Удальцы»


       Сайыс алты кезеңнен тұрды:


1.     Дене қыздыру


2.     Кедергілерден өту


3.     Кенгуру


4.     Қаппен секіру


5.     Арқан тартыс


 


     Тартысты бәсекеде «Удальцы» командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар мадақтама қағаздары және шоколадтан жасалған алтын медальдармен  марапатталды. Басқа қатысушыларға тәтті  сыйлықтар таратылды.


    Өмірге өзгелерден өзгешелеу көзқараспен қарайтын бұл ерекше жандар үшін қандай болмасын жаңашылдық үлкен қуаныш әкеледі.


Мекемемізде өткізілген осы шара қызмет алушылардың азда болса көңіл-күйін көтерсе, біздің еңбектің еш болмағаны деп білеміз.