КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Соревнование по настольному теннису в г. Костонай

Получатели услуг КГУ «Психоневрологическое медико-социальное учреждение» акимата города Астаны приняли участие в городе Костанай по настольному теннису Изначально олимпийские игры начались в США в 1968 году. Основательница специальных олимпийских игр сестра Джона Кеннеди Юнис Кеннеди Шрайвер. Наше учреждение не остается в стороне и прилагает все усилия, чтобы получатели услуг участвовали в спортивных соревнованиях. Так, наши ребята принимали участие в 2010 году в Польше; 2011 году – Греции; в 2012 году – Нидерланды; 2013 году – Южной Кореи и Люксембурге; в 2014 году – Бельгии, в 2015 году – в США, завоевали 19 золотых, 13 серебрянных и 7 бронзовых медалей. «Спешиал Олимпикс» Казахстана продолжает проводить областные олимпийские игры. 19-20 июня 2016 года в Костанае состоялся областной «Спешиал Олимпикс» по настольному теннису. От КГУ «Психоневрологическое медико-социальное учреждение» приняли участие четверо получателя услуг: Рогова Антонина, Сыздыкова Сауле, Баранбаев Русла и Носырев Федор. На турнир приехали команды из Астаны, Атырау, Костаная, Караганды. Церемония открытия областного турнира началась с парада открытия. Под звуки спортивного марша команды вышли на построение. Спортивные состязания носили высокий состязательный характер, стремлением показать все свои спортивные возможности. Наши участники в нелегкой борьбе заняли: Рогова Антонина – второе место (серебро); Сыздыкова Сауле – второе место (серебро), в группе – третье место (бронза). Баранбаеву Руслану и Носыреву Федору не повезло. Все участники соревнований были награждены медалями, грамотами, юбилейными календарями, а также сладкими призами. Это грандиозное спортивное мероприятие, охватившее 55 спортсменов, прошедшее на высоком уровне, вновь вдохновило их на дальнейшее активное участие в движении «Спешиал Олимпикс», на достижение новых спортивных высот. Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесі» КММ-дегі мемлекет қамқорындағылар Қостанай қаласында өткен үстел теннис сайысына қатысты. Мүмкіндіктері шектеулі жандарды салауатты өмір салтына бейімдеу, олардың өздерінің қоғамдағы орындары бар екенін сездіру және зағип жандарға деген қазіргі көз қарасты өзгерту бүгінде әлем елдерінің басты мақсаттарының бірі екені анық. Арнайы Олимпиадалық ойындар 1968- жылы АҚШ-нда бастау алған. Оның негізін қалаушы Джон Кеннедидің әпкесі Юнис Кеннеди Шрайвер. Мүмкіндігі шектеулі, интеллектуалды ауытқушылықтары бар спортқа жақын жандарға арналған бұл қозғалыс бүгінде әлемдік ұйым болып табылады. Біздің мемлекетте де бұл салаға көп көңіл бөлінуде. Мекемеміздің қызмет алушылары 2010-жылы Польша; 2011-жылы Греция; 2012-жылы Нидерланды; 2013-жылы Оңтүстік Корея және Люксембург; 2014-жылы Бельгия; 2015-жылы АҚШ-ндағы жарыстарға қатысып 19 алтын, 13 күміс және 7 қола медальдарға қол жеткізді. Сонымен қатар «Спешиал Олимпикс» Казақстанның әр облыстардағы филиалдарында арнайы олимпиадалық ойындар өткізіліп тұрады. 2016-жылдың 19-20 маусым аралығында Қостанай қаласында «Спешиал Олимпикс» Казақстан ұйымының ұйымдастыруымен үстел теннисінен Республикалық сайыс өткізілді. Астана қаласынан «Балалар психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» командасы және біздің Астана қаласы әкімдігінің «Психоневрологиялық медициналық- әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен төрт қызмет алушылар қатысты. Олар: Рогова Антонина, Сыздыкова Сауле, Баранбаев Руслан және Носырев Федор. Жарысқа Астана, Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО және Қостанай облысының аудандарынан 52 спортшы сайысты. Жасына және денсаулығының жағдайына қарай девизиондарға бөлінген қатысушылар шамаларына сай ойын өрнегін көрсетіп жатты. Біздің қызмет алушылар тартысты сайыста келесідей жетістіктерге қол жеткізді: Рогова Антонина 2- орын (күміс алқа); Сыздыкова Сауле 2-орын (күміс алқа),ал жұптық ойында 3- орын (қола алқа). Ал Руслан мен Федордың бақтары шаппады. Облыс әкімдігі, Қостанай қаласының басқармасы, «Жас отан» қозғалысының қолдауымен өткізілген жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жарыстан кейін түрлі ойын-сауық іс-шаралары жүргізілді. Мемлекет қамқорындағылар жарыстан көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсермен оралды.