КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Балаларды қорғау күніне»

2016-жылға арналған мекеме жоспарына сәйкес қызмет алушыларды қоғамға бейімдеудің жаңа жолдарын енгізу шеңберінде Біздің мекемеде 01.06.2016 жылы «Балаларды қорғау күніне» арналып алғаш рет «Қуыршақ театры» құрылып, ертігілер көрсетілді. Мемлекет қамқорындағыларға кейіпкерлер рөлі мінез-құлық, дауыс ырғағына сәйкес бөлініп берілген. Кейіпкерлердің сөздері мен іс-қимылын жасай отырып қамқордағылар өзіндік мінезін, көқарасын және пікірін қалыптастырады. Халық ертегілерін сүйсіне сомдаған жастардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Сахнаға алғаш шыққан жастардың кейбіреуі толқудан сөзінен жаңылысып жатты, алайда көш жүре түзеледі демекші театр әртістері әліде шыңдалып жақсы өнер көрсететіне кәміл сенімдіміз. Мекеме психологтары- Балжан Байдаленова мен Елена Кругольдің жетекшілігімен құрылған «Қуыршақ театрына» қуыршақтарды Астана қаласының еріктілері (волонтерлар) демеушілік көмек ретінде сыйлаған. Бұл жаңашыл шараны көрермендерде қуана қарсы алды.