КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 13 қазанында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" Талқара орман шаруашылығында концерт ұйымдастырды.

Талқара  орман  шаруашылығында  Қарттар  күніне  арнап мерекелік  концерт  өтті. Іс-шараға Орталықтың қызмет алушылары  қатысты. Талқара орман  шаруашылығының  тұрғындары олардықуана қарсы алды. Астана қаласының «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызмет алушылары үздік нөмірлерден тұратын концерттік бағдарламасын ұсынды. Жиналған көрермендер концертің әр нөмерін ерекше қошеметтеп, қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тамаша концерт барлық көрермендерге оң эмоция және жарқын әсер сыйлағаны үшін   үлкен қарияларымыз ақ тілектерін айтып,  алғыстарын білдірді. Соңында Талқара орман шаруашылығы мәдени  үйінің  ұйымдастырушысы  алғыс айтып, мерекелік  концертте өнер  көрсеткен  Орталықтың қызмет алушыларына  тәтті  сыйлықтарын  тарту  етті.