КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астанаға саяхат

2017 жылдың 12 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Астана қаласына қыдырып барды. Бізді Адал ниеттің еріктілері: Мынжасарова Гульмира Ермековна және оның командасы: Маргарита, Юлия, Руслан, Берик;  «Ceneral electriс» америкалық компаниясынан Эльмира Нуредилова;  Ищанова Альфия Шамильевна«Творчество во благо».

Қызмет алушылармен жаңартылан Бәйтеректе серуендеп, «Думан» ойын-сауық орталығына қыдырып бардық. «Шатер» кондитерлігі түскі аспен тамақтандырып, «Мега» ойын сауық орталығы сэндвичтер мен кока – колалармен сый көрсетті. Еріктілер сыйлықтарын сыйлап, назардан тыс ешбірі қалмады.

Экскурсияның басынан бастап еріктілер еріп жүрді, Еріктілер қызметі-кең ауқымды қызмет түрі,  ол бір – біріне көмек көрсету мен өзіне көмектесу, ресми қызмет көрсету мен ерікті түрде іске асырылатын басқа да азаматтық  қатысу түрлері.

        Қызмет алушылар естелікке суретке түсті. Осы серуен ерекше әсер қалдырып, асқан қуаныш, жақсы эмоция, сергектік пен күш сыйлады. Күнделікті жағдайдың орнын алмастырға демалыс Орталықтың белсенді қызметін жігерлендіре түсті. Бұндай экскурсиялар қызмет алушылардың психологиялық жағдайын нығайтып, жан тепе-теңдігін қалыпта ұстауға әсер етеді. Еріктілердің көрсеткен көмегі игілікке бастап: олардың бізге деген қамқордығы мен сүйіспеншілігін сезіндіре білді. Болашақтағы серіктестік пен  өзара түсініспеншілік жұмысымыздың жалғасуына сенеміз. Еріктілер көмегі – бұл қайырымдылықтың дамуына қосқан зор үлесі мен қолдауы. Баршамыз білетіндей ол кісілер біз үшін жақсы әрі қайырымды істер жасап жүр. Біз Сіздердің қызмет алушылардың қиын өмірін жеңілдетуге деген үлкен жұмыстарыңызды бағалап, серіктестіктің жалғасуына сенеміз.

        Осы сияқты еріктілермен бірлесіп өткізетін саяхаттар Орталығымыздың дәстүрлі іс-шараларына айналған. Болашақта бұдан да көп қызмет алушылармен қыдыру жоспарланып отыр.