КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың5 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор»әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» «Special Olympics» Қазақстан ұйымдастырған «Бочче» ойынынан Республикалық турнир өткізілді.

2017 жылдың5қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» «Special Olympics» Қазақстан  ұйымдастырған  «Бочче» ойынынан Республикалық турниріөткізілді. Біздің Орталықта Республикалық сайыс алғашқы рет өткізіліп отыр.

         Ашылу салтанатында Нұрбол Нұрбайұлы Зұлқарнаев спортшылар мен қатысушыларды құттықтап  алдағы сайыста сәттілік тіледі. Турнирде Алматы, Астана, Қарағанды облысы және Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор»әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қызмет алушыларынан құралған командалар қатысты. Спортшылар қызықты және тартымды ойын көрсетті. Аталған іс-шара ойдағыдай  өтті. Барлық сайыскерлердің көңілдері көтеріліп бір бірімен бөлісіп жатты. Барлық қатысушыларға марапаттар мен сыйлықтар таратылды.

         Жүлделі орындарға келесі қатысушылар ие болды: төрт адамнан тұратын жалпыкомандалық сайыста:

1-ші орын – Астана қаласы, 2-ші орын – Алматы, 3-ші орын -  «Қамқор» ӘҚКО алды.

         Юнифайт бойынша – 1-ші орын – Алматы командасы, 2-ші орын - «Қамқор» ӘҚКО,

         Жеке ойында – 1-ші орын – Фурадеева Полина («Қамқор» ӘҚКО), 2-ші орын – Астана қаласы, 3-ші орын – Қарағанды облысы.

 Турнирдің алдында қонақтар аумақ бойынша спорттық алаңға, тігін шеберханасына, музейге, кітапханаға және ағаш шеберханасынасаяхат жасады.

Турнирмен қатар біздің мекемеде «Дені сау атлет» («Здоровый атлет») бағдарламасы бойынша атты скрининг өтілді, онда қамқоршыларымызбен атлеттеріміз скринингтен өтті. Скринингте «Fun Fitness» клубының  директоры, жоғары дәрежелі дәрігерлер: тіс дәрігері және отоларинголог тексеріс өткізді.«Қамқор» ӘҚКО-ның да қызметкерлері скрининте үлкен үлесін қосты.

Спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын сүру біз үшін маңызды, себебіадам денсаулығы әркезде жоғары құндылықтың бірі болып саналады.

         Іс-шара соңында біздің ұжымға қонақтарымыз  сәттілік пен әрі қарай гүлденуді тілеп және жылы лебіздерін арнады.