КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» байқауы

«Қазақ кім десе? Абай дерміз» дегендей Ұлы Абайды дәріптеу, оның шығармаларын насихаттау, құлақтың құрышы қанғанша  әндерін шырқау қазақпын деген әр азаматтың парызы.  Осыған орай, 2017 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігі Тілдер басқармасының ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай дара қазақта» байқауы өтті. Байқауға ең үздік деген 6 топ қатысты. Байқау 4 кезеңді құрады: «Қара сөз шебері», «Қара өлең шебері», «Ән -жыр» және сұрақ-жауап. Бұл байқауға «Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы»  қатысты. Топ құрамында Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық – зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы - баспанасы» КММ және Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері құрады.

Байқау мақсаты - ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, заманауи қазақ әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтың шығармашылығын дәріптеу болған. Байқау қорытындысы бойынша Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы «Үздік қара өлең шебері»  номинациясы бойынша дипломмен марапатталды.