КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 29 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Іс-шараға Орталықтың қызметкерлері мен қызмет алушылары қатысты. Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Н. Зұлқарнаев баяндамасын оқып, барлық көрермендерді ҚР Конституция күні мерекесімен құттықтады. Мерекенің бастауы «Әдемі» қазақ биімен бастылды. Патриоттық тақырыпта қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды. Залдағы көрермендер Орталықтың қызметкерлерінен құралған хордың орындауындағы «Елім менің» әнін тамашалаумен бірге, Қазақстан туралы презентацияны  тамашалады.

Қазақстан – байтақ ел және осы мерекемен осы елдің байтақтығы көрінді. Біз еліміз бен Президентімізбен мақтанамыз!