КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 19 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ мерекелік «Ашық есіктер» іс – шарасы өтті.

Іс-шараға қызмет алушылардың туыстары, «Жақсылықты дәріптейтін еркін волонтерлер» атты топтың волонтер мүшелері біздің орталықты ең алғаш қадам басты. Сонымен қоса, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары В. Елисеев қатысты.

         Іс-шара жоспарына сай қызмет алушылардың туыстары мен қелген қонақтар Орталық директоры Н. Зұлқарнаевтың қызметі аралығында Орталықтың жұмысы туралы, атқарылған іс-шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Ұжым ауызбіршілігінің нәтижесінде қызметь алушылардың жағдайы үй тұрмысына жақынырақ болады. Атқарылған іс – шаралар аз емес, бірақ та болашаққа деген мақсатты жоспарлар да жоқ емес. Мерекелік концерт Орталық туралы видеоролик пен презентацияны тамашалаумен жалғасып, соңынан Қазақстан эстрада жұлдыздарының ән шырқауымен жалғасын тапты. Тұрсын Шәкір, Асқар Жайлаубаев және Бауыржан Исаев бастаған жұлдықдар біздің мекемемізді шығармашылығымен қуантудан жалықпауда.  Концерт соңында қызмет алушылардың туған туысқандары: Жақсылық Сағымбайұлы Есімханов, Анар Асылжанқызы Ұлманова мен волонтерлер алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерімен бөлісті. Мереке қонақтарына қызмет алушылардың өз қолдарымен жасалған сыйлықтары сыйланды.

         Келесі іс-шараның бөлімі: «Отбасылық Олимпиада» эстафетасы болды. Эстафета үш кезеңнен тұрды: «Доп пен секіргіш эстафетасы», «Паравоз» және «Қарсылықтар жолағы» болып, эстафетаның финалы арқан тарту болды. Іс-шараға қызмет алушылар мен олардың туыстары, волонтерлер қатысты. Ойынға төрт команда қатысты: «Жауынгер», «Ақкөл», «Шыңғыс» және «Астананың волонтерлері». Екі топ арасында өзара жарысып, жеңген топ финалға өтті. Эстафета қатысушылары ойын барысында белсенділік танытты: жүгірді, серкеден секірді, секіргіштен секірді, доппен секірді. Сайыстың әділ-қазылары қызмет алушылардың туыстары болды. Ойын жеңімпазы «Шыңғыс» тобы, екінші орын «Жауынгер» тобы, үшінші орын «Астана волонтерлері» мен соңғы орын «Ақкөл» командасына бұйырды. Жалпы барлық топтарға алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар таратылды.

         Іс-шараның келесі бөлігі экскурсия болды. Қызмет алушылардың туыстары мен қонақтар нөмірлерден құралған суреттер, алмазды суреттер, бисердан жасалған және басқа да өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарына қуана баға берді.

         Қызмет алушылардың туыстары үшін тосын сый болған жағдай, Орталық қызметкерлері мен қызмет алушылардың флешмоб өткізуі болды.  Сосын флешмоб қатысушылары жүрек пішінді форма құрап, қызмет алушылардың туыстары қолдарына ұстаған көгершіндер мен шарлармен жүрекке енді. Белгі бойынша шарлар мен құстарды аспанға ұшырды. Бұл махаббат, жақсылық пен қайырымдылықтың нышаны еді.

         Іс-шаралар соңында қызмет алушылардың туыстары туғандарын үйлеріне алып кетуге ниет білдірді.

         Барлық қатысушылар іс-шара ұйымдастырушыларына  ризашылықтарын білдіріп, барлығына денсаулық пен бақыт тіледі.