КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 15 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Қымбат Алкеновнамен және Гүлмирамен кездесу өтті.

«Асыл Бала» Республикалық Ассоциясының директоры Қымбат Алкеновнамен Қазақстан халықтар Ассамблеясының Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің аналар Қоғамының төрайымы Гүлмира Орталықтың қызмет алушыларының өмірлеріне белсене қатысып, көмек көрсетумен бірге қызмет алушылардың бос уақыттарын қызықты өткізулеріне өз үлестерін қосады.

Қонақтар барлық қызмет алушыларға сыйлықтарын сыйлап, барлығына денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, жақын арада тағы кездесеміз деген уәделерін берді. Бұл кездесу баршаға жарық, жақсы әсерлер қалдырып, күш – қуат, белсенділік пен көтеріңкі көңіл әкелді.

Біздің Орталығымыз көрсеткен көмектері мен белсенділіктері үшін «Асыл Бала» Республикалық Ассоциясының директоры Қымбат Алкенова және Қазақстан халықтар Ассамблеясының Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің аналар Қоғамының төрайымы Гүлмираға алғысымызды білдіреміз. «Асыл Бала» Республикалық Ассоциясы мен Қазақстан халықтар Ассамблеясының Астана қаласы Есіл ауданы әкімдігінің аналар Қоғамына жақсылық пен гүлденулер тілейміз!