КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 11 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де қыздар арасында футбол өтті.

Футбол екі команданың қатысуымен өтті «Барыс» және «Пантера». Футболдың басы құттықтау сөзінен басталды.  Орталықтың директоры Нұрбол Нұрбайұлы барлық қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік пен жақсы көңіл-күй тіледі. Қатысушылар жақсы ойын көрсетіп, жерге қарап қалмау үшін барынша тырысты. Антонина Рогова қақпаға гол соғып,  «Барыс» командасына  жеңіс әкелді. Матч өте қызықты өтті. Ойын «Барыс» командасының жеңісімен аяқталды. Екі командаға мақтау қағаздары және  сыйлықтар марапатталды. Барлығы ерекше сергектік пен жақсы сезімдерге ие болды.