КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 2 тамызында Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ Наумовка ауылында концерт ұйымдастырды.

Астана қаласының «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Хлебароб  совхозының Наумовка  ауылына үздік нөмірлерден тұратын концерттік бағдарламасын ұсынды. Ауыл    тұрғындары оларды қуана қарсы алды. Жиналған көрермендер концерттің әр номерін ерекше қошеметтеп, қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тамаша концерт оң эмоция және жарқын әсер сыйлады. Мәдениет  үйінің  директоры  ризашылығын айтып, осы  концерттік  бағдарламасын ауыл  тұрғындарына  күз айында  қайта  келіп  көрсетуіне  өтініш  білдірді.