КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылы 28 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «»қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлер арасында волейбол жарысы өтті.

    Ауа райының құбылуына қарамастан «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы  КММ қызметкерлері, оның ішінде ер азаматтар арасында волейбол жарысы өтті. Жарыс басында Орталық басшы Нурбол Нурбаевич Зулкарнаев екі командаға да сәттілік тіледі.

    Шағын алаңға әр бөлімнен екі команда құрамы қатысты. Бірінші команда «Қамқор», екінші команда-«Барыс». Бірінші таймда «Қамқор» командасы жеңіске жетсе, екінші таймда екі команда арасындағы тартыс қыза түсті. Екінші тайм басында «Барыс» командасына сәттілік жақын болғанмен, «Қамқор» командасы соңғы сәтте бар күш – жігерін жинастырып, «Барыс» командасынан жеңіс тұғырын жұлып алды. 2:0 есебімен «Қамқор» командасы жеңіске жетті. Ойын соңында директордың әлеуметтік жұмыстары жөніндегі орынбасары қатысушыларға алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтарын берді. Жарыс қатысушылары ойыннан жұмыс күніне арналған  зор сергектік пен жігер алды.