КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Ұжым ауызбіршілігі» туралы семинар

«Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жоғары категориялы психолог Семененко Наталья Николаевна және психология магистры Молдабекова Акгуль келді. «Келешек» орталығынан арнайы шақырылған психологтар «Ұжым ауызбіршілігі» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинарға «Қамқор» ӘҚКО қызметкерлері қатысып, ойын– танысу тренингі, сурет салу терапиясы және сауалнама жүргізілді.  Орталық қызметкерлері тренингке белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп,  психологтың  берген тапсырмаларын  қызу талқылады.  Іс-шара соңында психологтар жұмысымызға сәттілік пен жақсылықтар тіледі.  Осыған орай мекеме қызметкерлері ұйымдастырылған семинардың 2 сағаты үшін алғысын білдірді.