КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Лиса-повитуха» ертегісі

2017 жылдың 21  шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылардың қатысуымен «Лиса-повитуха» қуыршақтар ертегісі өтті.

Ертегітерапия – қатынастың табиғи формасы мен тәжірибе алмасу, ес пен зейіннің дамуы. Ертегітерапия жауапкершілік пен сыйластыққа үйретеді. Осындай ертегілерге қатысу қызмет алушылардың шығармашылық қабілетін дамытады. Бұл қарым-қатынастар бір-бірімен араласуына септігін тигізіп қана қоймай, көрермендермен де байланстырады.

Жақсы көңіл-күй – көрермен мен әртістер арасын байланыстырса,  біздің қызмет алушыларымыз үшін жақсы сезім мен оң эмоция сыйлады.

Іс – шара соңында көрермендердің жүзінен күлкі байқалды. Қатысушылар мен көрермендер өмірлеріне қуаныш пен жаңа сезімдер сыйлайтын жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шараға риза болды.