КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 20 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің "Қамқор" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ қызмет алушылары Ақкөл орман шаруашылығында концерт ұйымдастырды.

Концерт Ақкөл  орман шаруашылығында  өтті. Іс-шараға Орталықтың қызмет алушылары  қатысты. Ақкөл  орман шаруашылығының  тұрғындары оларды қуана қарсы алды. Айтулы орман шарушылығында жаңа жеміс-жидек бақшасы  ашылғанына  орай саяхат өткізілді. Саяхат  кезінде  қызмет  алушылар жақсы  эмоция және орманды  қорғау  жөнінде  мәлімет  алды. Саяхаттан  кейін Астана қаласының «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары үздік нөмірлерден тұратын концерттік бағдарламасын ұсынды. Жиналған көрермендер концертің әр номерін ерекше қошеметтеп, қызмет алушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Тамаша концерт барлық көрермендерге оң эмоция және жарқын әсер сыйлағаны үшін  үлкен қарияларымыз ақ тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Соңында Ақкөл орман шаруашылығының директоры алғыс айтып, біздің Орталыққа раушан гүлдерінің 15 түбін сыйлады.