КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

2017 жылдың 13 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары Астана қаласына қыдырып, саяхат жасады.

Саяхаттың мақсаты қызмет алушыларды Астананың көрікті жерлерімен таныстыру  болатын.  «Визит Астана» ЖШС біздің қызмет алушыларға қала ішінде  екіқабатты автобуспен қыдыруды ұйымдастырды. Серуен кезінде Астана қаласының құрылуы туралы, тарихы туралы, көрікті жерлері мен астанамыздың дамуына өз үлесін қосқан сәулет ассамблеялары туралы мәлімет берді. Экскурсияда қызмет алушылар Аида, Әйгерім, Әльфия, Нүркен атты волонтерлермен бірге саяхаттады. 

Онымен қоса, Астана саяхаты ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаумен жалғасты. Іс-шараны волонтер Гүлмира Әбдірашева ұйымдастырды. Қызмет алушылар жақсы көңіл күймен көп әсер алды. Бұл көріністер қызмет алушылардың есінде біразға дейін сақталатын болады.

Гүлмира қызмет алушыларға  түскі және кешкі тамақтану ұйымдастырып, сыйлықтар табыстады.  Қайтар жолға түрлі сусындар мен чипсы әперді.

 Үйге шаршап қайтқанмен, Астанаға барғанымызға қуанып, шаттана оралдық.  Үлкен елдің бір бөлігі болып сезіну,  Астанамызда өтіп жатқан әлемдік іс – шара  ЭКСПО 2017көрмесін көргендеріне, әрбірі  Қазақстанның халқы болып табылатынына қатты қуанды. Осының барлығына жанымызбен қуанып, жүрегімізде мақтаныш сезімі туындады.