КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Special Olympics Арнайы Олимпиадалық Ойындарының 50 жылдығына арналған Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылар мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының арасында өткен достық футболы

2017 жылдың   11 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ Special Olympics  Арнайы Олимпиадалық Ойындарының 50 жылдығына арналған Орталықтың қызмет алушылары мен Қазақстан эстрада жұлдыздары арасында: Бауыржан Исаев, Ерлан Малаев, Арман Мырзабаев, Қуаныш Ерназаров, Тұрсын Исабаев, Асқар Жайлаубаев, Абай Төлеген және «Айлин» тобының қатысуымен футбол өтті. Қатысушылар жақсы ойын көрсету, жерге қарап қалмау үшін барынша тырысты.

Мереке Қазақстанның әнұранынан басталды. Special Olympics  Қазақстан туын біздің халықаралық және республикалық жетістікке ие болған спортшылар: Сәуле Сыздыкова, Антонина Рогова, Руслан Баранбаев және Станислав Сигаревтың алып шықты. Сонымен қатар, Special Olympics  Қазақстан антын Рустем Зарипов пен Полина Фурадеева орындады.

Мерекеге Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары С.Нұрғожина, Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Әбілқайырова, Астана қаласы Special Olympics  филиалының директоры Л.Тынянова қатысты. Құттықтау сөзі                С.Нұрғожинаға беріліп, ол барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тіледі.  Special Olympics  директоры барлық қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, Орталық директоры Н.  Зулкарнаевқа «Қайрат» командасының қолтанбалары жиналған доп пен алғыс хат марапаттады.

Ойын арасындағы қатынасты нығайтумен бірге, қызмет алушыларға қуаныш пен бақыт, ұмытылмас күн сыйлады. Ғазиз Жақсыбаев пен Дәулет Станбеков қақпаға гол соғып, командаға жеңіс әкелді. Қызмет алушылардың қуанышында шек болмады. Матч қызмет алушылардың жеңісімен аяқталды. Достық нышаны ретінде Қазақстан эстрада әншілері қарсыластарына кішігірім сыйлық сыйлады. Оған жауап ретінде Орталық директоры Н.Зулкарнаев Қазақстан эстрада жұлдыздарын алғыс хатпен марапаттап, қызмет алушылардың өз қолдарымен жасалған қолөнер бұйымдарын сыйлады.

Мереке Қазақстан эстрада жұлдыздарының жақсы сезімге толы концерттік бағдарламасымен аяқталды. Бұл күн қызмет алушылардың есінде ұзақ сақталады, себебі, осы іс-шара қуаныш пен жақсылыққа толы болғаны сонша, тіпті ауа райының бұзылып, жауынның жауғаны да кедергі болмады. Бауыржан Исаев Орталықтың футбол командасымен бірлесе жыл сайын футбол ойынын өткізу туралы ұсынысын білдірді. Әрине біз келесі жылды тағатсыздана күтумен боламыз.