КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

«Щелкунчик» ертегі – шоу.

2017 жылы 9 шілде күні Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Астана қаласы «Барыс Арена» көп салалы спорттық кешенінде өткізілген "Щелкунчик" ертегі-шоуын тамашалады. Әлемдік турне аясында белгілі фигурист Евгений Плющенкомен бірге Ресейдің үздік фигуристтері Ирина Слуцкая, Никита Михайлов, Анастасия Мартюшева, Нодар Маисурадзе және белгілі канадалық фигурист Эмануэль Сандю өнер көрсетті. Мұз айдынында кәсіби суретшілер, сонымен қатар әсерлі голограмма және көрнекі сәнді костюмдер болды. Ертегі-шоу біздің қамқорындағыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады. Олар 2 сағаттың ішінде өзінің балалық шағын есіне алғандай сезімде болды. Кәсіпқой әртістерді көргендеріне риза болып, қатты қуанды.