КГУ "Центр социального обслуживания "Қамқор" акимата города Астаны

Астана күніне орай Бурабайға саяхаттады

2017 жылдың 3 шілдесінде «Астана қаласы әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызмет алушылары Астана күні қарасңында Бурабайға қыдырып қайтты.

Қызмет алушылар зоопарк, жануарларды қолмен ұстауға болатын зоопарк, Қазақстанның флор мен фаун экспонаттар мұражайына барды. Гид Қазақстанның табиғаты, халқы туралы қызықты ақпараттар берді. Зоопарк аумағында орналасқан демалу орнына барып, сәнге арналған ағаштармен суретке түсті.

         Зоопарктегі саяхаттан соң, жағажайға бет бұрдық. Барлығымыз көтеріңкі көңілмен көлге шомылып, рахаттана демалып, таулардың әсем пейзажына тамсана отырып естелік суреттерге түстік.

Саяхат ерекше естеліктер қалдырып, түрлі әсер мен сезімдер сыйлады. Үйге шаршаңқы қайтқанмен, көңіліміз тоқ болып, Бурабайдың құшағында болғандай әсерде қайттық.

         Жанға қуаныш сыйлайтын осындай саяхаттар дәстүрге айналады деп сенеміз.